НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан.Гара аймағында террористерге бағытталып 10 ақпанда басталған «Пенче-Картал-2» операциясының жоспардағыдай жалғасып жатыр, деп TRT хабарлайды.
Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында жалғасып жатқан «Пенче-Картал-2» операциясында ұйымның ауыз жүзіндегі әкімшілігінде орын алған 37 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қауіпсіздік министрлігінен жасалған мәлімдемеде Гара аймағында террористерге бағытталып 10 ақпанда басталған «Пенче-Картал-2» операциясының жоспардағыдай жалғасқаны білдірілді.
Операция аясында ұйымның екі басшысын қамтыған 37 террористің заласыздандырылғаны хабарланған мәлімдемеде террористерге қарасты баспана, мекендер мен қару-жарақтар қоймасы, ауыз жүзіндегі базалар мен үңгірлерден құралған 50-ден астам нысананың әуе операциясымен күйретілгені білдірілді.
Жергілікті және ұлттық қару-жарақтар қолданылған әуе операциясында нысаналардың жойылғаны білдірілген мәлімдемеде ұйымның аймақтағы болмысына ауыр соққы берілгені жарияланды.