НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Орынборда 26 жастағы шетелдік қамауға алынды. Одан 800 грамм героин табылды және тәркіленді, деп Орынбор облысы бойынша Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, ер азамат облыс орталығына есірткіге тәуелді адамдарға героин сатып ақша табу үшін келген. Жалға алынған пәтерде есірткі сақталған 169 түйіншек анықталды.
Шетелдікке қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228.1-бабының 4-бөлігі бойынша («Есірткі заттарды ірі көлемде заңсыз сатуға оқталу») қылмыстық іс қозғалды. Шетелдік қонақ 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.