Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Күрдістан жұмысшы партиясының террористтері 2015 жылы ұрланған 13 азаматты өлтірді

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Түрік қарулы күштерінің Pençe Kartal-2  («Қыран тырнағы») операциясы кезінде Ирактың солтүстігінде 2015 жылы террористер ұрлап әкеткен 13 азаматтың мәйіті табылды. Бұл туралы жексенбі күні Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдеді, деп жазады Анадолу агенттігі.

 «Қиян-кескі ұрыс нәтижесінде бақылауға алынған террористердің жасырынған жерінен бұрын ұрланған 13 түрік азаматының мәйіті табылды. Алдын ала тергеу барысында жазықсыз және қарусыз азаматтардың біреуінің иығына, ал қалған 12 адамның басына оқ тигені белгілі болды. Осылайша, біз тағы да КЖП-ның зұлым және қанқұмар жүзін көрдік », — деп атап өтті қорғаныс мекеменің басшысы.

Акар қолға түскен екі террористтен жауап алу кезінде олар операция туралы біле салысымен түрік азаматтарын баспанада өлтіргені белгілі болғанын атап өтті. «Біздің азаматтардың өліміне қатысқан барлық лаңкестер өлтірілді», — деп қосты ол.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *