НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан.Конго Демократиялық Республикасының (КДР) Итури провинциясындағы елді мекенге «Демократиялық күштер альянсы» исламистік террористік тобы содырларының шабуылы салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Agence France-Presse-ке сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Олардың мәліметінше, топ мүшелері Ндаль аймағына шабуыл жасаған, оның барысында 11 бейбіт тұрғын қаза тапты, кейінгі қақтығыстарда үш сарбаз қаза тапты. Армия өкілі төрт содырдың залалсыздандырылғанын айтты.
«Демократиялық күштер альянсы» үкіметке қарсы тұру мақсатында 1995 жылы Уганданың батысында радикалды исламшыл топтан құрылған. 2003 жылы, Уганда қарулы күштерінің соққыларынан «Демократиялық күштер альянсы» КДР шығыс аймақтарын паналаған.
БҰҰ мәліметтері бойынша, «Демократиялық күштер альянс» содырлары КДР-ның шығысында соңғы 24 айда 1,3 мыңнан астам бейбіт тұрғынды өлтірді. Конго қауіпсіздік күштері «Демократиялық күштер альянс» көшбасшылары соңғы жылдары халықаралық террористік ұйымдармен, соның ішінде Сомалидің «Аш-Шабаб» исламистік тобымен байланыс орнатқанын атап өтті.