НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Аргентинаның солтүстігі мен солтүстік-шығысында орналасқан федералды күштері тоғыз тоннаға жуық есірткіні тәркіледі. Өткізілген екі операцияда екі иісшіл ит шешуші рөл атқарды, деп La Nación басылымына сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды.
Мисьонес провинциясындағы операция барысында префектуралық бөлімнің мүшелері жүк көлігіне жасырылған 287 қорапқа салынған 8 858 кг есірткі затын тәркіледі. Жүк көлігінің жолаушылары федералдық патрульдің барын байқап қашып кеткен.
Аргентина Ұлттық қауіпсіздік министрлігі дереккөздерінің хабарлауынша, операция Парана өзенінің 1 648-ші шақырымында, Сан-Игнасио қаласының маңында, жағалаудан бес шақырым жерде жүргізілген. Есірткі заттар полицияда жұмыс істеуге және есірткіні іздеуге үйретілген Гиа Сана атты иттің көмегімен табылды. Қашып кеткен екі жолаушыны іздеу жалғасуда.
Сонымен қатар, сараптама табылған жәшіктерде есірткі заттары барын көрсеткен соң, сот жүкті Корпус-Кристи спорт орталығына өткізуге қаулы шығарды. Ол жердегі сарапшылар 287 қорапқа салынған тоғыз тоннаға жуық есірткі затын анықтады.
Жүк көлігі Ұлттық автомобиль меншігінің тіркеу тізімінде жоқ деп хабарланды.
Тағы бір жайт Миссионес провинциясының батысында жүздеген шақырым жерде болған. Volkswagen Amarok жүк көлігі Пичанал маңындағы ұлттық автомобиль жолының 1-ші шақырымында орналасқан жандармерия бақылау бекетіне соқтығысып, № 34 ұлттық тас жолы бағытында жоғалып кеткенін атап өтті. Бұл әскерді жедел операцияға ұйымдартыруға түрткі болды. Жандармерия офицерлері жүк көлігін жанармай құю бекетіне кірген кезде тоқтатты, жүк көлігі сол жерде тұрған фурамен соқтығысқан
Патруль екі көлікті де тексеріп, Volkswagen Amarok жүк көлігінің ішінен төрт бұрышты түйіншектер салынған рюкзакты тапты. Космо атты иісшіл иттердің бірі мұқият тексерген кезде есірткінің жүк көлігінің шанағында болған екі қосалқы дөңгелектің ішінде жасырылғаны анықталды.