Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан Түркістан облысындағы кеден бекетінде есірткі тасымалына қатысты 4 оқиға тіркелген

ТҮРКІСТАН, 18 ақпан. Биылғы жыл басынан Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде есірткі заттарын алып өту әрекетінің 4 оқиғасы тіркелген. Есірткіні заңсыз тасымалдаушылар әртүрлі тәсілдерді пайдаланбақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, осы жылдың 25 қаңтарында тіркелген оқиға бойынша, «Жібек жолы» кеден бекетінде Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесе тексеру барысында Өзбекстанның 44 жастағы азаматын ұстады. Қызметтік иттердің көмегімен одан айырықша иісі бар есірткі заты табылды.

Ал 8 ақпан күні Өзбекстан Республикасына өту бағытындағы жолаушылар терминалында қызметтік иттің көмегімен көрші елдің 61 жастағы азаматы ұсталды. Оның сырт киімінің қалтасынан полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат табылған.

Сонымен қатар 11 ақпан күні «Жібек жолы» кеден бекетінде тағы осындай жағдай орын алған. Департамент пен ҚР ҰҚК қызметкерлері Маңғыстау облысының 40 жастағы тұрғынынан скотчпен оралған күдікті зат анықталды.

Осы күні есірткі тасымалдауға қатысты тағы бір оқиға тіркелді. Тәжікстан Республикасының азаматы киіміне жасырынған есірткі затын шекарадан алып өтпекші болған жерінен ұсталды.

Осы 4 факті бойынша жүргізілген сот сараптама жұмыстарының нәтижесінде бұл заттардың бәрі кептірілген марихуана, гашиш секілді есірткі заттар екені анықталды. Қазіргі таңда барлық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *