НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. ФҚҚ ауқымды операция барысында Ресей Гвардиясымен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Ресейдің 10 аймағында РФ тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» халықаралық террористік ұйымының мүшелерін ұстады. Бұл туралы Ресей ФҚҚ-нің Қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Ұлттық гвардия әскерлерінің федералды қызметінің бөлімшелерімен және Ресейдің Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізілген арнайы операция аясында Қырым Республикасында, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Приморск, Краснодар өлкелерінде, Башқұртстан мен Дағыстан республикалары, сондай-ақ Орел, Калуга және Иванов облыстарында «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» * халықаралық террористік ұйымының мүшелері ұсталды», — деп хабарлады Қоғаммен байланыс орталығында.
ФҚҚ мәліметтері бойынша «құрылым мүшелері, интернет арқылы да, Ресей Федерациясының тұрғындары арасында басқа діндерге деген төзбеушілікпен ұштасқан исламдық террористік идеологияны таратқан, сонымен қатар Ресей мұсылмандарын халықаралық террористік ұйымның қатарына қосылуға шақырған». Қамауға алынған жеті адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 14 ақпандағы шешімімен «Хизб ут-Тахрир» халықаралық діни-саяси ұйымы («Хизб ут-Тахрир аль-Ислами», араб. — «Ислам азаттық партиясы») террористік деп танылды. Ресейде оның қызметіне тыйым салынған.