НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. 2015 жылы Бішкекте лаңкестік шабуыл дайындады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды, деп Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап SPUTNIK Қырғызстан хабарлайды.
Оның халықаралық террористік топтың содыры екендігі және 2015 жылдың жазында елордада өткен арнайы операция кезінде залалсыздандырылған астыртын ұяшығының құрамында ерекше ауыр террористік қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болғандығы атап өтілді.
Ер адам Бішкекте ұсталып, ҰҚМК-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2015 жылдың 16 шілдесі қосарлы арнайы операциямен есте қалды. Күндіз ГЭС-5 аймағында екі экстремист өлтірілді, ал кешке Бішкектің орталығында ХТҰ содырларын ұстау бойынша арнайы операция өткізілді.Атыс болып, үйде өрт шықты. Горький мен Теміров көшелерінің қиылысында орналасқан үйде төрт экстремист жойылды, біреуі ұсталды, деп сол кезде ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.
Барлау қызметтерінің хабарлауынша, лаңкестер бірқатар лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырмақ болған.