Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Париждегі лаңкестік шабуылды жоспарлағаны үшін үш жиһадшы 22 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімге сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан. Париждегі арнайы қазылар алқасы сәрсенбі күні үш жиһадшыға қатысты сот үкімін жариялап, оларды террористік топ құрғаны үшін 22 жылдан 30 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. Бұл туралы Agence France Presse-ке сілтеме жасап ТАСС жазады .

Соттан алынған ақпаратқа сәйкес, терроризм істері жөніндегі прокуратура  20 жылдан  30 жылға дейінгі жазаны талап еткен.

Үшеуі де 2016 жылдың желтоқсанында Парижде лаңкестік әрекет дайындағаны үшін кінәлі деп танылды. Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушылардың екеуі — Ясин Бусерия мен Хишам Макран — 2015 жылдың ақпан-наурызында Страсбургте «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына (Қазақстанда тыйым салынған ИМ) қосылған жасырын топ құрды.

Үшінші сотталушы, марокколық Хишам әл-Ханафи, тергеу мәліметтері бойынша, ИМ лаңкестік топтарына еріктілерді тартумен айналысқан. Ол сондай-ақ Париждегі лаңкестік шабуылда жанкешті ретінде қатысуды көздеген, бірақ 2016 жылдың қарашасында Марсельде полициямен ұсталған.

Сот отырысында үшеуі де «өкінетіндерін» және исламшыл содырларға қосылып «қателескендерін» айтты. Сот олардың мұндай  мәлімдемелерін ескермеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *