Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Семейде есірткі жарнамалайтын граффити-сурет салған екі жасөспірім ұсталды

СЕМЕЙ, 19 ақпан. Семей қаласында есірткі жарнамалайтын граффити-сурет салған екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған « Заря» кооперативінде орналасқан көлікжай иесі белгісіз біреулердің синтетикалық есірткіні насихаттайтын граффити-сурет салып кеткенін айтқан.

«Олардың кім екенін анықтау үшін Әуезов полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Р.Кураков Бобровка саяжайын түгел аралап шықты. Сондағы мекемелердің қабырғаларында да әлгіндей граффити-суреттер көзге түскен. Тәртіп сақшысы есірткі жарнамалап жүргендердің іздерін байқады», — делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шараларының барысында екі күдікті ұсталды. Олардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған. Екеуі де өз кінәларын мойындап отыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 299-бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *