НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан. Жексенбі күні Мали мен Буркина-Фасомен шекаралас Нигердің оңтүстік-батысында Готейе департаментіндегі Даргол коммунасында бомба қойылған көлік жарылысы салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тауып, тағы үшеуі ауыр жараланды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Нигердің тәуелсіз ұлттық сайлау комиссиясының дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады .
Көлікте жексенбі күні өткен президент сайлауының екінші турына қатысу үшін ауданға бет алған аймақтық сайлау комиссиясының мүшелері болған.
Сондай-ақ, Нигерияның оңтүстік-шығысында содырлардың зообаққа жасалған шабуылынан үш полиция қызметкері қаза тапты деп хабарланды.
Полиция өкілі Мозес Нкомбенің мәлімдеуінше, Эдо штатының оңтүстік-шығысында орналасқан Огба зоологиялық саябағының басқарушы директоры да жексенбі күні болған шабуыл кезінде ұрланған.
Хайуанаттар бағында кезекшілік кезінде үш полиция қызметкеріне шабуыл жасалды, деп штат астанасы Бенин-Ситиде журналистерге мәлімдеді ол.
М.Нкомбенің айтуынша, әзірге қамауға ешкім алынған жоқ, полиция тергеу жүргізуде.
«Сондай-ақ ұрланған адамды құтқару жұмыстары жүргізілуде», — деп қосты ол.
Көптеген жылдар бойы Нигер «Ислам Магребіндегі Аль-Каидаға», «Ансар ад-Динге» және басқа да бүлікші қозғалыстарға жақын террористік топтардың елдің батыс аймақтарында болған террорлық шабуылдардан зардап шегуде.
Нигердепрезидент сайлауының екінші кезеңі жексенбіде өтті. 7,4 миллионнан астам сайлаушы сол күні қызметінен кетіп бара жатқан президент Махамад Иссуфтың ісін жалғастырушысын сайлады.