НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан.ДАИШ террорлық ұйымына мүше болғандықтан Халықаралық полиция ұйымы Интерпол тарапынан қызыл бюллетеньмен ізделген француз әйел Анкарада ұсталды, деп TRT хабарлайды.
Анкара полиция басқармасына қарасты Терроризммен күрес бөлімшесінің топтары елінен кетіп ДАИШ террорлық ұйымына қосылған, артынан Интерпол тарапынан іздеу салынған Сара Талибтің Анкарада жүргенін анықтады. Ол еліне қайту үшін Франция елшілігіне жүгінуге тырысқан. Терроризммен күрес топтары оны ұстап, қамауға алды.
Талиб түсініктемесі алынғаннан кейін елден шығарылады.