Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өткен жылы Ауғаныстанда шабуылдар салдарынан үш мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан.БҰҰ Ауғанстанға көмек миссиясы UNAMA хабарлама жариялап,  былтыр Ауғанстандағы қақтығыс пен шабуылдарда 3 мың 35 адамның қаза тауып, 5 мың 785 адамның жарақат алғанын білдірді.Бұл туралы TRT хабарлайды. 

Осы шабуылдардың 45 пайызы тікелей нысанаға алынып жасалған. Қаза тапқандардың 43 пайызы балалар мен әйелдерден тұрады.

Ауғандар арасы келіссөз 2020 жылдың 12 қыркүйек күні Катардың бас қаласы Дохада басталғаннан кейін шабуылдар арта түскен. Шабуылдардың 46 пайызына Талибан, 8 пайызына ДАИШ террорлық ұйымы, 24 пайызына да мемлекеттік күштер жауапты деп есептеледі.

UNAMA жеті жылдан бері Ауғанстанда жан шығыны жөнінде есеп дайындап келеді.  Осы мерзім ішінде жыл сайын орташа үш мың шақты бейбіт тұрғынның өлгенін білдірді.  Ұйым адам шығынының алдын алду үшін Ауғанстанда бітім талап етті.

Талибан болса бұл хабарламаға қарсы шықты. Олар бейбіт тұрғындардың көбінің шетелдік күштер тарапынан өлтірілгенін алға тартты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *