НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан.Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» аймағында Күрдістан жұмысшылар партиясының (КЖП — PKK/YPG) 4 содыры залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына заңсыз түрде кіруге әрекет жасаған террористердің тоқтатылғаны білдірілді.
Мәлімдемеде «Аймақтың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзу мақсатты шабуыл және заңсыз жолмен кіруге әрекет жасаған КЖП-ның 4 содыры арнайы десанттарымыз тарапынан залалсыздандырылды» делінді.