НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан.Батыс Африка мемлекеті Нигерияның Борно уәлаятында үш бөлек жерде жасалған бомбылы және қарылу шабуылдарда 10 адам қаза тапты, 47 бейбіт тұрғын жарақат алды, деп TRT хабарлайды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша Борно штатындағы Майдугури қаласындағы Гванге, Булабулин және Калери аудандарында қатты жарылыстар мен қарулы шабуылдар болды.
Шабуыл мен жарылыстарда 10 адам қаза тауып, 47 адам жарақат алған.
Үкімет лауазымдылары жарылыстар болған аймақтарға қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін және оқиғамен байланысты тергеу ашылғанын білдірді.
«Боко Харам» террор ұйымыаймақта ұқсас шабуылдарды жиі жасауда.
Басқа жағынан Нигерия армиясы Борно уәлаятына қарасты Марте аймағына жасалған операцияда «Боко Харам» бақылауға алған аймақты бақылауға алды.
Операцияда көптеген террорист залалсыздандырылып, кейібір террористтердің жаралы қашқаны білдірілді.