Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда «Боко Харамның» бес мың содыры сот алдында жауап береді

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан. Нигерияда «Боко Харам» террористік ұйымының бес мың содырының ісі сотта қаралады, деп Нигерия Заңгерлік көмек кеңесінің директоры Әлия Абубакарға сілтеме жасап Anadolu агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, содырлар елдің солтүстік-шығысында қолға түсіп, Борно штатындағы түрмеге жабылған.

Абубакар лаңкестердің Нигериядағы Заңгерлік көмек кеңесі мен Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында жауапқа тартылатындығын атап өтті.

Ол бұған дейін 283 лаңкестің сот алдына келгенін еске түсірді.

 «Біздің заңнамаға сәйкес, жазықсыз адамдар оңалту жұмыстарынан кейін босатылды. Жаңа сот процесі де солай болады», — деді Абубакар.

Соңында ол « Боко Харам» лаңкестерін үкімет күштеріне берілуін  шақырды.

«Боко Харам» Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бастап елде 20 мыңнан астам адам осы қылмыстық ұйымның құрбаны болды.

Бұл топ Камерун, Чад және Нигерде де әрекет етеді. Чад көлі аймағындағы қақтығыстарда кем дегенде 2 мың адам террористердің құрбаны болды.

Елдегі террористік актілер мен қақтығыстардың салдарынан жүз мыңдаған адамдар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *