НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Сибай қаласының тұрғыны террористік әрекеттерді жария түрде ақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Орталық аудандық әскери сотының (Екатеринбург қаласы) үкімі бұрын сотталған 29 жастағы Динар Аллаяровқа қатысты шығарылды, деп хабарлады Башқұртстанның мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы .
Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасы бойынша ФҚҚБ-ның хабарлауынша , Аллаяров әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей Федерациясының аумағында қызметіне тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) қызметін жария түрде ақтайтын материалдар таратты.
Сот Сибай тұрғынын қатаң режимдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.