НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Дағыстан тұрғыны террористік ұйымға қатысты деген күдікпен ұсталды, деп Ресейдің Тергеу комитетінің республикалық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«РФ ҚК 205.5-бабының 2-бөлігінде («Террористік ұйымның қызметіне қатысу») көзделген қылмыс жасады деген күдікпен Бабаюрт ауданының 34 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Оған бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде», — деп хабарлады мекемеде.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2016 жылы Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * халықаралық террористік ұйымының қызметіне қатысқан. Ол Бабаюрт ауданының тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып, таныстары арасында террористік ұйымның идеяларын насихаттайтын түрлі ақпарат таратқан.
* ҚР-да тыйым салынған ұйым