Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШЫҰ елдері Пәкістанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер 2021 жылы Пәкістанда терроризмге қарсы жаттығулар өткізуге ниетті, деп штаб-пәтері Өзбекстан астанасында орналасқан ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымына сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жақында Пәкістан делегациясы Ташкентте ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетінің басшылығымен кездесті. Тараптар биылға жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға дайындықты талқылады.

 «Пәкістан тарапы «Пабби-Антитеррор-2021» бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу идеясы мен дайындық барысы туралы алдын-ала ақпарат берді», — дейді басылым.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылды. Оның толыққанды мүшелері Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан. Беларусь, Ауғанстан, Иран және Моңғолия бақылаушы мәртебесіне ие.

«ШЫҰ-ның диалог бойынша серіктестері» — Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.

2022 жылы ұйымның саммиті өтеді — ауқымды шара Самарқандта өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *