НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Ауғанстанның оңтүстігінде бомба тиелген көлікпен әскери базаға жасалған шабуылда 4 ақуіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Ауғанстан қауіпсіздік күштері лауазымдылары Кандахардың Аргандаб ауданындағы әскери базаға бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалғанын, 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын және 6 кісінің жараланғанын білдірді.
Бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнына алмады.