НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Ресей мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ханиф Атмар Мәскеуде Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелерін талқылады, деп Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM жазады.
«Әңгімелесу барысында Ауғанстандағы бейбіт үдерістің болашағы, екіжақты қарым — қатынастың өзекті мәселелері, терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелеріне назар аудара отырып, аймақтық ынтымақтастық туралы сындарлы пікір алмасулар болды», — делінген хабарламада.
Мәскеу Ауғанстандағы соғысты тоқтатуға жету үшін ауғанаралық келіссөздер «маңызды кезеңге» өтуі керек деген ұстанымын білдірді.
Бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған келіссөздерден кейін Лавров Ауғанстан әлемдегі ең ірі опиаттарды жеткізуші болып қала береді деп мәлімдеді: бұл әлемдегі есірткі айналымының 90% құрайды.