Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбылда қызметтік ит салмағы 2 келіден асатын есірткі затын тапты

ТАРАЗ, 28 ақпан. Жамбылдық полицейлер есірткі заттарының таралуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Допинг» республикалық жедел-іздестіру шаралары аясында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының тұрғыны — 38 жастағы әйелді ұстады.

Тексеру барысында «Бони» атты қызметтік ит оның тұрғын үйінің аумағында орналасқан сарайдан жалпы салмағы 2 келіден асатын өсімдік тектес затты тапты. Тәркіленген заттың есірткі екені анықталып, сараптамаға жіберілді.

«Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мұндай қылмыс жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады», — делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызетінің хабарламасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *