Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сириядан Түркияға өтпек болған 5 террорист ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз.  Сириямен шекаралас Шанлыурфа және Мардин провинцияларында 9 мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды, олардың бесеуі КЖП (РКК) террористтері. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі хабарламасына сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.

Шабуылдаушылар Түркия территориясына заңсыз жолмен Шанлыурфадағы Джейланпынар аймағында және Мардиндегі Қызылтепе аймағында кіруге тырысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны  лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП  лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Соңғы жылдары Күрдістанның жұмысшы партиясы аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына жүктеуге тырысады.

Сирияда КЖП  лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Иранда КЖП  «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *