Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Еліміз бойынша пойызбен есірткі тасымалын жолға қойған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Көлік полицейлері есірткіні пойызбен тасымалдаумен айналысатын бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақпан айында көлік полицейлері арнайы іс-шара кезінде Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей және Екібастұз қалаларының аумағында есірткі тарату мақсатында пойызбен тасымалдап жүрген бір топ адамды анықтап, ұстады», — деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Оның айтуынша, топ психотроптық заттарды әлеуметтік желілерде кэш-бетбелгі арқылы сату үшін «FaskGood» деп аталатын интернет-дүкен ашқан.

Тінту барысында 2 мыңнан астам доза психотроптық заттар, сондай-ақ оларды өлшеп-орауға арналған құрылғылар тәркіленді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — дейді полиция полковнигі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *