НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз. Колумбияның шығысында екі мина жарылысынан елдің Қарулы күштерінің кем дегенде үш қызметкері жарақат алды. Бұл туралы RCN радиостанциясына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Радиостанцияның ақпараты бойынша, оқиғалар дүйсенбі күні күндіз Норте-де-Сантандер шығыс департаментінде болған. Бірінші жарылыс Кукута муниципалитетінде болды, онда екі сарбаз жарақат алды, екіншісі Тибу муниципалитетінде болды,ол жерде бір сарбаз жарақат алды. Олардың барлығы жақын жердегі ауруханаларға жеткізілді.
Тергеу жұмыстары бастады.