НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз. Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * террористік тобымен байланысты исламшыл содырлар дүйсенбі күні Нигерияның солтүстік-шығысындағы БҰҰ базасына шабуыл жасады. Бұл туралы Agence France-Presse-ке (AFP) сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Қауіпсіздік және гуманитарлық құрылымдардағы дереккөздердің хабарлауынша, содырлар Борно штатындағы Диква қаласында орналасқан базаға шабуыл жасап, өртеген. БҰҰ-ның 25 қызметкері бункерді паналады. AFP дереккөздерінің ақпараты бойынша, содырлар бункекрге басып кірмек.
Қазіргі уақытта БҰҰ қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп атап өтілді.
* ҚР-да тыйым салынған ұйым