НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз. Үндістанның Агра қаласындағы (Уттар-Прадеш штаты) Тадж-Махал мавзолейінің аумағынан кем дегенде бір мың турист эвакуацияланған, деп Hindustan Times газетіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
БАҚ мәліметінше, полицейлер мұндай қадамға белгісіз ер адамның бұл орынға бомба қойылғаны туралы телефон қоңырауынан соң барған.
Тадж-Махал кешенін полиция қоршады. Қазір жарылғыш затты іздеу жұмыстары жүріп жатыр.