НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз. Швецияның оңтүстігіндегі Ветланда қаласында белгісіз біреу тұрғындарға пышақ кезеніп, тұтқиылдан тап берген, деп 24.kz хабарлайды.
Кейбір ақпарат құралдары қаскүнемнің қолында балта болды деп айтады. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, 20 жастағы күдікті қамауға алынған. Ол 8 адамды жарақаттаған. Абырой болғанда, зардап шеккендердің өміріне төнген қауіп жоқ. Швецияның премьер-министрі Стефан Лёвен бұл шабуылды айыптады. Тергеушілер «террористік әрекет» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бүгін полиция шабуыл бойынша кеңейтілген баспасөз мәжілісін өткізуге уәде берді.