НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. Сомали астанасы Могадишода жұма күні болған жарылыстан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
«Әзірге біз жарылыс болған жерден 30 жаралы және 20 қаза тапқан адамды шығарып алдық», — деді агенттікке жедел жәрдем өкілі.
Куәгерлердің айтуынша, мейрамхананың маңында үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жарылған. Жарылыстан кейін атыс естілді.
Бұған дейін Garowe жаңалықтар порталы жарылыс қалалық түрменің жанындағы мейрамхананың жанында болғанын хабарлаған . Полиция оқиға болған ауданға апаратын барлық жолдарды жауып тастады.