НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Түрік әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Хакурк және Кандил аймақтарындағы әуе операциясы кезінде 25 Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП/ РКК) террористін залалсыздандырды, деп Түркия ұлттық қорғаныс министрлігінің басшысы Хулуси Акарға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.
Оның айтуынша, жойылған содырлардың арасында топ жетекшілерінің бірі бар.
«Біз КЖП-сы еш жерде, соның ішінде Қандилде өзін еркін сезінбейтіндігін ескерттік. Террористердің басқа қашатын жері жоқ », — деді Акар.
Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.
АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.
Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.
Соңғы жылдары Күрдістанның жұмысшы партиясы аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына жүктеуге тырысады.
Сирияда КЖП лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.
Иранда КЖП «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.