НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забул провинциясында арнайы операция кезінде кем дегенде 35 «Талибан» содыры жойылды, 19-ы жарақат алды, деп Avesta.Tj сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.
Ауған армиясының операциясы әуе күштерінің қолдауымен өтті.
Операция кезінде топтың екі мүшесі қолға түсті.
Ауғанстан Қорғаныс министрлігі Мизан аймағында талибаннан бірнеше ауыл босатылып, көлік, мотоциклдер мен қару-жарақ ұсталғанын хабарлады.
Мизанда үкіметтік күштер сегіз минаны залалсыздандырды, делінген хабарламада.