Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» 33 содыры залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында «Боко Харам» террористік ұйымының 33 содыры залалсыздандырылды, көптеген адамдар жараланды, деп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.

БАҚ хабарлауынша, армия мен лаңкестер арасында қақтығыс Чикингуду аймағында басталды.

Армия жасақтары көптеген оқ-дәрілерді ұстап қалды.

Қақтығыс кезінде екі әскери қаза тауып, жетеуі жараланды.

«Боко Харам» Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бастап елде 20 мыңнан астам адам осы қылмыстық ұйымның құрбаны болды.

Бұл топ Камерун, Чад және Нигерде де әрекет етеді. Чад көлі аймағындағы қақтығыстарда кем дегенде 2 мың адам террористердің құрбаны болды.

Елдегі террористік актілер мен қақтығыстардың салдарынан жүз мыңдаған адамдар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *