Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ФҚҚ Пенза мектептерінің бірінде лаңкестік шабуылды дайындаған күдіктіні ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз.  Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Ресей Федерациясының Тергеу комитетімен және Ресейдің Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Пенза облысының  білім беру мекемесінде террористік актінің алдын алды, деп ФҚҚ-нің Қоғаммен байланыс орталығы хабарлайды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде осы қылмысты дайындауға қатысқан Ресей азаматы ұсталды. Оның тұрғылықты мекенжайы бойынша заңсыз сақталған аңшылық мылтық пен дәрі, сондай-ақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған нұсқаулық бар байланыс құралдары тәркіленді.

Ұсталған адамға қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 30-бабы 1-бөлігі, 205-бабы 1-бөлігі (террористік әрекетке дайындық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *