Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстан азаматтарын Сириядан әкету үшін эвакуациялық рейс дайындауда

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз.  Бірнеше жыл бұрын соғыс аймақтарына кеткен азаматтарды эвакуациялау үшін Қырғызстан Сирияға ұшақ жібереді. Бұл туралы әділет министрінің орынбасары Марат Қанұлқұловтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып  Sputnik Қырғызстан жазады .

 «Менің білуімше, жақын арада Қырғызстан азаматтарын Сириядан алып кетуге ұшақ дайындалуда . Бұл шындық па?» — деп депутат Эрмамат Тагаев министр орынбасырынан  сұрады.

Парламентарийдің сұрағына жауап берген Қанұлқұлов оның сөзін растап, арнайы делегация дайындалып жатқанын айтты.

«Бұл рас. Үкімет қаулысы шықты. Оларды эвакуациялау үшін арнайы делегация жіберіледі», — деді әділет министрінің орынбасары.

Тагаев,соғыс аймақтарынан ,ең алдымен, әйелдер мен балаларды шығаруды сұрады.

Бұған дейін өз азаматтарын қайтару операцияларын Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан билігі жүргізген. Ашық дерек көздер ақпаратына сәйкес 2013 жылдан бастап мыңдаған Орта Азия азаматтары Таяу Шығыстағы соғыс аймағына аттанған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *