Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның батысындағы террорлық шабуыл: 8 адам қаза тапты, 53 адам жараланды

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз.  Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясындағы террористік әрекет салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 53 адам жарақат алды, деп Герат губернаторы Сайед Вахид Каталиге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.

Губернатордың айтуынша, жанкешті лаңкес миналанған көлікпен Генч ауданының полиция бөліміне баса кірген.

 «Жарылыстың қатты болғаны соншалық, жақын маңдағы тұрғын үйлер де зақымданды. Қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар », — деді Катали.

Жарақат алғандар Герат мемлекеттік ауруханасына жеткізілді, алтауының жағдайы ауыр деп бағаланады.

Шабуыл үшін жауапкершілікті бірде-бір топ өз мойнына алған жоқ, бірақ Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Тарык Арьердің айтуынша, қылмысты тәліптер жасаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *