Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кабулдағы жарылыстардан үш бейбіт тұрғын қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз.  Жексенбі күні кешке Кабулда бір сағат аралығында болған екі жарылыс салдарынан кем дегенде үш бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды TOLO NEWS.

Полицияның хабарлауынша, алғашқы жарылыс Кабулдың 3-ші ауданындағы Пули-Сохта аймағында болған, салдарынан  жолаушылар автобусы зақымданып, бір бейбіт тұрғын қаза тауып, бес адам жарақат алған.

Полиция тағы бір жарылыс Кабулдың 6-шы ауданындағы Сар-э-Карез аймағында жолаушылар автобусында болғанын, екі бейбіт тұрғын қаза тауып, жетеуі жараланғаның мәлімдеді.

Кабул, Нангархар, Кундуз, Гильменд, Парван, Балх, Кандагар, Бадгис және Урузганды қоса алғанда, кем дегенде 10 провинция орталықтарының кейбір бөліктерінде соңғы 15 күнде өліммен аяқталған қауіпсіздікке қарсы оқиғалар болды.

Бірі — Ауғанстанның батысындағы Герат қаласында бомба қойылған автокөліктің жарылуы. Соның салдарынан жеті бейбіт тұрғын қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алды, деп хабарлады жергілікті билік.

Зорлық-зомбылықтың өсуіне қатысты алаңдаушылық туындаған кезде, ішкі істер генерал-министрі Масуд Андараби сенбі күні  Associated Press-ке берген сұхбатында АҚШ әскерлері шығарылса да, ауған қауіпсіздік күштері өз позицияларын сақтай алады деп мәлімдеді

«Ауғанстан қауіпсіздік күштері астананы, қалалар мен біз тұрып жатұан аумақтарды қорғауға толық қабілетті», — деді ол. «Осы жылы ауған қауіпсіздік күштері тәлібтерге аумақты басып ала алмайтындықтарын дәлелдеді деп ойлаймыз».

TOLOnews хабарлауынша, осы айда елде 67 оқиға болды, нәтижесінде 172 адам жарақат алды, 125 адам қаза болды, оның ішінде бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік қызметкерлері.

Елдің түкпір-түкпіріндегі ауғандықтар өздерінің қауіпсіздігіне алаңдайтындықтарын айтты.

«Біз үйден шыққан кезде қауіпсіздігіміз үшін алаңдаймыз. Әрі қарай не болатынын білмейміз», — дейді Герат тұрғыны Мир Рахмат.

Фарьяб — соңғы бірнеше күнде қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысы содырларының қақтығыстары болған тағы бір провинция.

«Алмар ауданы содырлардың қолына түсті. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, Маймана қаласы да содырлардың қолына өтеді», — деді Фаряб тұрғыны Абдул Вахаб.

* Талибан қозғалысы — Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *