Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО-да құны алты миллион теңгеден асатын психотроптық құралдар тәркіленді

ӨСКЕМЕН, 15 наурыз. Полицейлер ҚР ШҚО бойынша ҰҚКД және ҚР Ұлттық ұланының №5518 әскери бөлімінің арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, аса ірі көлемде психотроптық заттарды өткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған ерлі-зайыптылардың Өскемен қаласының орталығында пәтер жалдап тұрғандары, әлеуметтік желілер арқылы есірткіні белгілі бір жерлерге қойып кету жолымен өткізу арнасын ұйымдастырғаны анықталды.

22 және 23 жастағы ерлі-зайыптылар облыс орталығына Семей қаласынан келген, Сберкасса ауданында ұзақ мерзімге пәтер жалдап, құпия орындарға қойып кету арқылы әлеуетті клиенттерге қауіпті тауарды жеткізумен айналысқан.

Отбасылық жұптың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізу барысында электрондық таразы, жарты миллион теңгеге жуық ақшалай қаражат, сондай-ақ сатуға дайын психотроптық құралдар салынған түйіншектер алынды.

Заңсыз бизнеспен айналысқан фигуранттардың рөлі айқын бөлінген. Есірткі сатудан түскен ақша отбасылық бюджетке түсіп отырған. Олар “отбасылық бизнеспен” екі ай көлемінде айналысқан.

– Есірткі сатушылардан “крис” және “меф” деп аталатын психотроптық құралдардың бір реттік қолдануға жарамды 700-ден астам дозасы алынды, олардың “қара нарықтағы” бағасы алты миллион теңгеден астам соманы құрайды, сондай-ақ оқиға орнынан қылмыстық жолмен табылған 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ұсталған жұп Өскемен қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, баптың санкциясы бойынша мұндай қылмыстық әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *