Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 Нигерия армиясы қырықтан астам «Боко Харам» содырын  жойды

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз.  Нигерия әскерлері дүйсенбі күні елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатында экстремистік «Боко Харам» тобының мүшелерімен қақтығысқан . Бұл шайқаста 41 содвр өлтіріліп, содырлар ұрлап әкеткен 60 бейбіт тұрғын босатылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі армия өкілі Мұхаммед Еримнің әлеуметтік желілердегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның мәлімдемесінде Гамбору-Нгала аймағында таңертең әскери бөлімдер «Боко Харам» тобының мүшелерімен қақтығысқан делінген . Қақтығыс шамамен 45 минутқа созылды. Әскери қызметшілер шабуылды тойтарып, 41 содырды өлтіріп, бұрын ұрланған 60 әйелдер мен балаларды босатты.

Армия өкілінің айтуынша, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар жасау кезінде пайдаланылатын аккумуляторлар мен қару-жарақ пен тәркіленді.

«Боко Харам» құрылғаннан бастап он жылдан астам уақыт ішінде Нигерия, Чад, Нигер және Камерунның қауіпсіздігіне қатер төндіріп, Чад көлінің бассейніндегі бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерге бірнеше рет шабуыл жасады .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *