НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз. Сирияның оңтүстігіндегі Дера уәлаятында бұрынғы оппозиционерлер тұзаққа түсірген Башар Асад режим армиясының 21 әскері өлтірілді, деп TRT хабарлайды.
Башар Асадтың інісі Махир Асад басшылығындағы 4-ші түменге қарасты бір әскери көлік қатары Дераның батыс таулы аймағындағы Мизирип қалашығы маңында қарулы оппозицонерлер тарапынан тұзаққа түсірілді.
Қақтығыста режимнің 21 әскері оқиға болған жерде қаза тапты, көптеген әскер де жараланды.
Башар Асад режимі осылайша Дера уәлаятын бақылауға алған 2018 жылы шілдеден бергі ең ауыр шығынға ұшырады.