Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда белгісіз біреу 34 мектепті «жарып жібермек» болды

АЛМАТЫ, 19 наурыз. Алматыда 34 мектепке бомба қойылғаны жайлы хабарлама түсті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Бастапқыда олардың саны 12 болған, деп Азаттық Радиосы жазады. 

«Соңғы мәлімет бойынша, мұндай хабарлама 34 білім беру мекемесіне түскен. Қазірге дейін 18 мектеп тексерілді. Жарылғыш зат анықталған жоқ» деді полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек «Қазинформ» агенттігіне.

Бұған дейін полиция мектептерді саперлерлардың тексеріп жатқанын хабарлаған. Қанша адамның эвакуацияланғаны белгісіз.

Полиция мәліметінше, белгісіз біреулер 34 білім беру мекемесінің электронды поштасына бомба қойылғаны жайлы ескерту жіберіп, «ақша аудармаса, жарамыз» деп қорқытқан.

Полиция оқиғаға байланысты «Терроризм актісі жайлы көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша тергеу бастаған.

«Анонимді анықтау мақсатында шұғыл-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция тексеруді аяқтағаннан кейін жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Полицияның саперлік бөлімшелері 34 мектепті тексеруді аяқтады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ, — деп атап өтті полиция департаментінде.

Вирус күшейген тұста Алматыда 1-5 сынып оқушылары жақында аралас форматта оқуға көшкен еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *