НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз. Ауғанстанның Гор провинциясының Тивере ауданының жергілікті әкімшілігінің басшысы Мұхаммед Рафик Алам бомба жарылысы салдарынан қаза тапты, деп Гор провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Арир Абирге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.
Әкімшілік басшысының көлігіне бомба орнатылды, салдарынан Алам қаза болды, әйелі мен екі баласы жарақат алды.
Әзірге оқиға үшін жауапкершілікті ешбір ұйым мойнына алған жоқ.
Ауғанстанда соңғы уақытта журналистерге, белсенділерге, дін қайраткерлеріне, шенеуніктер мен қауіпсіздік күштер өкілдерінің өміріне қол сұғушылық саны артып келеді.
Ауғанстан билігі «Талибан» қозғалысын қастандық жасады деп айыптайды, олар өз кезегінде шабуылға қатыстылығын жоққа шығарады.