Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтаудың сауда орталықтарының бірін «миналаған» тұрғын мас күйде болған

АҚТАУ, 25 наурыз. Ақтауда мас әйел сауда орталығына «бомба қойылды» деп хабарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түскі сағат 14:00 шамасында Ақтау қаласы полиция басқармасының 102 кезекші пультіне «Ардагер» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен. Полицейлер дереу сауда орталығына жетіп, орталықтағы қозғалысты шектеп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастаған.

«Полиция сауда орталығының ғимаратын тексерді. Бірақ жарылғыш зат табылған жоқ. Полиция қызметкерлері аз уақыт ішінде жалған хабар берген адамды анықтады. Ол 63 жастағы тұрғын. Ол қоңырау шалғанда мас күйде болған. Ол Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді», — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *