НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз. Нигерде аты-жөні белгісіз шабуылшылардың азаматтарды нысанаға алған шабуылында кемінде 10 кісі қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.
Елдің Тиллабери аймағында қарулы шабылшылар екі ауылға қарулы шабуыл ұйымдастырды, салдарынан 10 адам қаза тапты. Шабуылда үйлер өртенді.
Лауазымдылар жан шығынының артуынан алаңдауда.
Шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ.