НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз. Сот террористік әрекетке жәрдемдескені үшін ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп РФ Тергеу комитетінің Нижний Новгород облысы бойынша тергеу басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің Нижний Новгород облысы бойынша тергеу басқармасының ерекше маңызды істерді тергеу жөніндегі 1-бөлімінің тергеушісі жинаған дәлелдемелерді сот 27 жастағы ер адамға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабының 1.1-бөлімі («Террористік қызметке жәрдемдесу») бойынша үкім шығару үшін жеткілікті деп таныды. Сот үкімімен сотталушы қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деді Тергеу комитетінде.
Тергеу және сот 2020 жылдың ақпанында сотталушы Нижний Новгород аумағында 18 бен 27 жас аралығындағы қала тұрғындарын Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес террористік деп танылған ұйымның қызметіне қатысуға көндіру және тартуға қатысты заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғанын анықтады. Сотталушының әрекетін ФҚҚБ және Нижний Новгород облысы бойынша Ішкі істер министрлігі Бас басқармасының экстремизмге қарсы күрес орталығының жедел қызметкерлері анықтады.
Ер адам 2020 жылдың желтоқсанында Санкт-Петербург аумағында ұсталды. Ол өзіне тағылған айып бойынша кінәсін мойындамады. Ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.