НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз. Гаагадағы Нидерланд парламент ғимаратын эвакуациялауға алып келген бомба қаупі жалған болып шықты. Бұл туралы Нидерланд полициясының хабарламасына сілтеме жасай отырып Anadolu агенттігі хабарлады .
Бұған дейін Гаага полициясы Твиттерде жарылыс қаупіне байланысты парламент ғимараты мен оның маңын тексеріп жатқанын мәлімдеген.
Кейін тәртіп сақшылары тергеу нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмағанын хабарлады.