Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда есірткі сатушылардан  құны 24 миллион теңге болатын героин тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз.  Ақмолалық полицейлер есірткі сатқан және тасымалдаған екі адамды ұстады, деп хабарлайды 24.kz. 

Олар – 37 жастағы облыс тұрғыны мен 58 жастағы астаналық әйел. Күдіктілерден 24 млн теңгенің 1,5 келіге жуық героины тәркіленген. Ұстау операциясы елордада жүргізіліпті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша олар 5 мың бөлшекке бөлінген есірткіні Ақмола облысында сатпақ болған. Күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында үлкен көлемдегі ақша, есірткілер, электрондық таразылар мен шприцтер табылған.

«Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаларға 297-баптың 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», — деді облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы Мейрам Жаппасов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *