Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Индонезиядағы шіркеудегі жарылыс: 14 адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. Индонезияда шіркеу алдындағы жарылыс салдарынан 14 адам жарақат алды, деп 24.kz хабарлайды. 

Оқыс оқиға Макасар қаласында болған. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, күзетші шіркеу аумағына өтпек болған екі адамды тоқтатқан. Осы сәтте біреуі өзін өзі жарып жіберген.

Оқыс оқиға салдарынан таяу маңда тұрған бірнеше көлікке зақым келді.

Әзір жарылысты ешбір топ өз мойнына алған жоқ.

«Мен жарылыс салдарынан беті-басы қан-қан болған әжейді көрдім. Бірден оны және үш немересін мотоциклімнің жанына алып келдім. Жұрт есін білмей, жан-жаққа қашып жатты», — деп хабарлады куәгер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *