Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дінтанушы:Ислам діні адамдарды фанатизмге шақырмайды

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. «Оңалту жұмыстары және діни психологиялық қолдау» бөлімінің басшысы, дінтанушы, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Уралбаев Айдос Ералыұлының «Діни— терроризм ұғымы» атты haqjoly.kz порталында жарық көрген мақаласынан  діни экстремизм және терроризмге нақты түсініктеме беруін, қазіргі діни жағдайға мониторинг жүргізіп, болашаққа болжамдар жасауы өте маңызды екендігін атап өтті. 

Әлем тарихына қарайтын болсақ көптеген ұлтаралық және дінаралық алауыздықтар кем болмаған.  20 ғасырда ұлтаралық қақтығыстар көп болған болса 21 ғасырға келіп дін аралық қақтығыстар белең алып келе жатыр. Дінаралық алауыздықтар көбіне террорлық ісәрекеттер арқылы көрініс беретіні баршаға аян. Террористер белгілі бір билікке жету мақсатында бейбіт тұрғындар арасында лаңкестік іс-әрекеттер жасайды. Ең қызығы лаңкестік жасау дұрыс екендігі жайлы шариғаттан дәлелдер келтіруге тырысады. Осы сияқты кейбір террорлық таптардың кесірінен қаншама дін ұстанушы азаматтарға жала жабылып жатыр. Яғни ислам сөзімен терроризм сөзі бір деген түсінік әлем халықтарында қалыптасты. Ал біз білетін Ислам діні ешкімге зұлымдық жасамайды. Лаңкестікті қолдамайтынын тарихтан білуімізге болады.

 Ғасырлар бойы қазақ халқының түсінігінде ислам бейбітшілік, тыныштық діні болып келген. Өкінішке орай қазіргі күнде ислам десе адамдар қорқып қарайтындай дәрежеге жетті. Оған өзін мұсылманмын деп уәж айтып артынан лаңкестік іс-әрекет жасайтындар себеп болып отыр. Бұндай ағымдар көбеюінің себептерін көптеп келтіруге болады. Бірақ, ең негізгі себеп діннің саясилануында. Кейбір саяси топтар өздерінің мақсатына жету жолында дінді идеология ретінде қолданады. Соның салдарынан милионддаған адамдар діни саяси топтардың құрбанына айналуында. Экстремизм терроризм белең алған елде білімсіздік деңгейі төмендеп әлеуметтік теңсіздік күшейеді. Елдің дамуы тоқтайды. Ақыр соңы діни көріністегі азаматтық соғыстар белең ала бастайды. Күнде соғыс көріп өскен ұрпақтың санасы  агрессияға толы болып басқа дін өкілдеріне немесе өзінің ұстанымын қолдамаған адамдарға толеранттылық көзқараспен қарай алмайды. Нәтижесінде зорлық-зомбылық немесе бұзғыншылық көбейеді. Шын мәнісінде Ислам діні адамдарды фанатизмге шақырмайды. Керісінше  даналыққа үндейді.

 Қазақ халқы ежелден дінде фанатизмге берілмеген, дінаралық қақтығыстар, террорлық іс-әрекеттер атымен болмаған. Қазақ халқы қашан өзінің болмысын ұмыта бастады сол кезден бастап дінаралық алауыздықтар көбейе бастады. Алдағы уақыттарда дін мен дәстүр ұғымын нығайтқан кезде ғана бұл індеттің алдын алуға болады.

Қазіргі уақытта діни террорлық әрекеттер бәсеңдеді. Бірақ террористер алдағы уақыттарда өздерінің бағыттарын өзгертуі де ғажап емес. Сондықтан дін мамандары қазіргі діни жағдайға мониторинг жүргізіп, болашаққа болжамдар жасауы өте маңызды. Соған қарап іс-шаралар қабылдану керек. Деструктивті діни ағым өкілдері өзлдерінің ұстанымын өзгерткен сияқты болғанымен мүмкіндік бола қалса қайта күшеюге дайын тұрады. Сонымен қатар бұндай ағымдар өздерінің бағытын басқа арналарға бұрып, жұмыс жасау мүмкіндігін де, жоққа шығаруға болмайды. Мысалы өздерін дәстүрлі дінді ұстанатындай етіп көрсетіп құқық қорғау оргондарына, мемлекеттік қызметтерге және заң шығарушы оргондарға ұмтылыуы мүмкін. Сол арқылы мемлекеттің тұтастьғына қауіп төндіреді. Билікке келу арқылы терроризмді заңдастырады. Яғни дінаралық алауыздықтарды, соғыстарды, террорлық ұйымдар емес, керісінше мемлекеттің өзі сол нәрселерді істеуі мүмкін. Айтылып жатқан дүниелер бізге ертегі сияқты немес практикалық тұрғыдан мүмкін емес сияқты көрінуі мүмкім. Егер  діни экстремизм және терроризмге нақты түсініктеме беріп, халықтың бойына бұл індетке қарсы иммунитетті қалыптастыруға әрекет жасамайтын болсақ барлығы да болуы мүмкін.  «Құдай сақтанғанды сақтайды» дейді дана халқымыз.

Қорытындылай келгенде, қазақтың әрбір азаматы дінді саясилануына және идеология ретінде қолданатын топтардың жолын кесу үшін бірдей атсалысуы керек. Барлық адам діни маман болу шарт емес, тек қана деструктивті діни ағымдардан өзін және отбасын сақтандырса, соның өзі қоғамның тыныштығын сақтауда үлкен қызмет болып саналады. Сондай-ақ шетелде діни білім алу үшін бірінші отандық университет және медреселерде діни түсінік қалыптастырып сосын оқуға жіберу керек. Сол кезде шетелде діни білім алған жастарымыз барған елінің салт-дәстүрі мен мәдениетін емес керісінше таза білімін алып келеді. Сол арқылы елдің діни тұрақтылығын қамтамасыз етуге күш жұмсайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *