НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз.Мардинде залалсыздандырылған алты террористтің бірінің «қызыл» категорияда іздеу салынған КЖП (PKK) террорлық ұйымның Мардин жауаптысы екені анықталды, деп жазады TRT агенттігі.
Ішкі істер министрлігі «Ерен-5» операциясы шеңберінде кеше Мардинде залалсыздандырылған алты террорист арасында «қызыл» категорияда іздеу салынған Хасан Махмуди және «қызғылт» категорияда іздеу салынған Тейуп Чам болғанын білдірді.
«Қызыл» категориядағы террорист террорлық ұйым басшысы Мурат Карайыланның оққағары да болған.