НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір. Ресейдің ФҚҚ Тверь облысында Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жақтаушысының отын-энергетикалық кешенінде лаңкестік әрекетінің алдын алды, ұстау кезінде лаңкес қарсылық көрсетті, нәтижесінде залалсыздандарылды. Бұл туралы ФҚҚ Қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Тверь облысында Федералды қауіпсіздік қызметі отын-энергетикалық кешен нысандарының бірінде Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* халықаралық террористік ұйымының мүшесімен жоспарлаған террористік актінің алдын алды», — деп Қоғаммен байланыс орталығында хабарлады. «Ұстау кезінде қылмыскер қарулы қарсылық көрсетіп, Ресей ФҚҚ арнайы бөлімшелерінің кері оғымен залалсыздандырылды. Қауіпсіздік қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ », — деп атап өтті ФҚҚ.
Барлау қызметінің хабарлауынша, Ресей азаматы, Орталық Азия республикалардың бірінің тумасы, террористік құрылымдар басшыларының нұсқауы бойынша әрекет етіп, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы жасау үшін қару-жарақ пен компоненттер сатып алған. Өзінің тұрғылықты жерінде ол жарылғыш заттарды жинайтын зертхананы жабдықтаған. Оқиға орнында одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер, қолдануға дайын қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, сондай-ақ оны жасауға қажетті компоненттер алынды.
Террористік шабуыл жоспарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым